Қ.Тоқаев БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілді қабылдады

Қ.Тоқаев БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілді қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Президент Біріккен ұлттар ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді