Қ.Тоқаев пен С.Бердімұхамедов келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, екі елдің халқын тарихи және туыстық қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, қазақ-түрікмен ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін мұның мәні зор екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге, соның ішінде энергетика, көлік және логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларына ерекше назар аударылды.