Мемлекет басшысының Ресейге ресми сапары басталды

Әуелі Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәскеудегі Кремль алдында орналасқан белгісіз сарбаздар бейітіне тағзым етті. Бұл мемориал жалғыз Ресей емес, өткен ғасырда Кеңес өкіметінің құрамында болған 15 ел үшін де ортақ деуге болады. Өйткені сол соғыста майдан даласында жүріп жан тапсырған белгісіз жауынгерлердің қатарында біздің қандастарымыз да бар. Қасым-Жомарт Тоқаев туған жерден топырақ бұйырмаған майдангерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.

Сосын Кремльге кіріп, Қазақстан мен мен Ресейдің өңіраралық форумын бастады. Екі елдің шекаралас облыстарындағы алыс берісті арттыруға бағытталған басқосудың биылғы форматы ерекше. 2019 жылға дейін президенттер жиын өтетін өңірде жүздесетін. Былтыр онлайн кеңесті. Ал биыл негізгі шаралар Орынбарда өтіп жатыр. Ал президенттер Кремільден тікелей қосылды. Негізгі тақырып – Транзиттік әлеуетті толық пайдаланып, халықаралық сауда -саттыққа кері әсер ететін инфрақұрылымдық кедергілерді азайту.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Форумнан кейін Ресей мен Қазақстан басшылары кеңейтілген отырыс өткізіп, екі елдің арасында сауда-экономикалық мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру жолдарын талқылады.  Ресей Қазақстанның сырты экономикасындағы негізгі серіктесі. Былтыр екі елдің өзара тауарайналымы 24 миллиард доллардан асқан. Биыл 9 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 процентке көбейді. Қазақстанда орыс қазақ кәсіпкерлері бірлескен 17 мың компания жұмыс істейді. Тараптар осы кооперацияны одан әрі арттыруға мүдделі. Айта кету керек биыл теріскейдегі көрші елме дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл. Осы мерейлі датаға орай мемлекеттер басшылары диклорация қабылдады.