Қ. Тоқаев пен И. Раиси телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар әуелі бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады. Сосын екі ел қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Оның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту жайы пысықталды. Сонымен қатар Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.