Президенттер Тәжікстанның мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты.

Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Астана Опера» театрында тәжіктің «Зебо», «Гулрез», «Парасту» би ансамбльдері мен танымал әншілер өнер көрсетті.