Қ. Тоқаев Гвинея-Бисау президентін салтанатты түрде қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алды.
Қос елдің басшылары алдымен бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Кейін Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.