Оқушыларға қаржылық қауіпсіздік шаралары түсіндірілді
Қаржы мониторингі органдары оқушыларға қаржылық қауіпсіздік тақырыбында ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр.
Қыркүйектен бері 567 мыңнан астам оқушыға дәріс оқыған. Оның ішінде 2800 мектеп пен 183 оқу орны қамтылды. Бұл бастаманы ҚР Білім және ғылым мен аталған агенттік бірлесіп ұйымдастырған. Жоба аясында сала мамандары бала тіліне ұғынықты етіп, арнайы сабақ те әзірлейді. Цифрлық гигиена, күмәнді сайттар, «дроппер» түсінігі секілді тақырыптарға негізделген дәрістерде 5-11 сыныптар қамтылып отыр. Кездесу барысында агенттік қызметкерлері білім алушыларға алаяқтардың арбауына түспеудің жолдарын түсіндіріп, сауалдарына жауап берді.