Жаңақорған кентінде жайлы мектеп ашылды
Қызылорда облысында тағы бір «Жайлы мектеп» ашылды.
Жаңақорған кентіндегі «Саяжай» шағын ауданынан салынған білім ордасы 600 орынға шақтап салынған. Енді аталған ықшам аудан оқушылары алыстағы мектептерге қатынамайды. Бұл ұлттық жоба аясында өңірде пайдалануға берілген бесінші оқу ошағы. Биыл тағы бес мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр,-дейді мамандар. Аймақта білім нысандарымен қатар, жаңа мәдениет ошақтарының да қатары артып отыр. Соның бірі - Жалағаш ауданында бой көтерді. «Руханият орталығы» ғимаратына архив, музей, кітапхана, неке қию залы мен ардагерлер және жастар үйі орналасты. Аталған мекемелердің бұрынғы ғимараты ескі әрі тар болған.
Мира Қазбекова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:
- Жалағаш ауданының архивінде 34 мыңнан аса құжат бар. Бұрынғы архив мекемесі 1975 жылы бу қазандығының ғимаратында орналасқан болатын. Ол жерде сақтау рижимі сақталмаған болатын. Биыл осы «Руханият орталығына» көшіріп, қор сақтау қоймаларын 48 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Яғни алда 40 жылға жуық уақытқа құжат сақтауға мүмкіндік алып отырмыз.