Үздік сайлау жүйесі: Алматы мектептерінің арасында байқау өтті
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Алматыда «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты байқау өтті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл сайыс жас жеткіншектердің кұқықтық сауаттылығын арттыруды, сонымен қатар болашақ сайлаушыларда демократиялық құндылықтарды қалыптастыруды мақсат етеді. Байқауда оқушылар сайлау заңнамасы бойынша үгіт-насихат тәртібі және сайлаушылардың құқығы сынды тақырыптар бойынша білгенін ортаға салды. Сегіз білім ошағының ішінен бірінші орынды №200 мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Сайыс осымен екінші мәрте ұйымдастырылды. Былтыр 104 мектеп бақ сынаса, биыл қатысушы білім ошағының саны 127-ге жетті.
Ержан Қалымбайұлы, қазылар алқасының мүшесі:
- Оқушылардың жастайынан саяси және құқықтық сауатының артуына, еліміздің демократиялық жүйеге сай дамуына өздерінің үлесін қосуға, болашақта олардың қоғамдық процесстерге тікелей араласып, әсер етуіне жақсы мүмкіндік береді. Яғни, жастардың арасында, оқушылардың арасында жастайынан ерекше құндылық қалыптасады деп айтуға болады.