Жасанды интеллект білім саласына белсенді түрде ене бастады

Жүйе оқу процесін жеңілдете түседі.

Білім алушылардан бөлек, мұғалімдерге де мол мүмкіндік ұсынады. Алайда заманауи тенденцияның пайдасымен қатар теріс тұстары да бар. Балалар оны дұрыс қолдану жолдарын толық білмейді, Сондықтан ұстаздар түсіндіріп, қауіпсіз әрі тиімді пайдалану тәсілдерін үйретуі тиіс. Мектептерде жасанды интелект үй тапсырмаларын тексеруге, уақытты басқару, репетиторлық мақсатта немесе тілдік жаттықтырғыш ретінде қолданылып келеді. Алайда мұғалімдерді алмастырмайды керісінше қарбалас жұмыстан босатып, басқа да басым міндеттерге уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Әдетте ұстаздар қауымы бір оқушының үй тапсырмасын тексеруге 5-10 минут жұмсаса, жасанды интеллект оны небәрі 20-30 секундта орындайды екен.