Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Қазір елде 22 мың ғалым бар, деп хабарлайды 24kz.

Оның 54%- әйелдер. Зерттеу ісінің зеңгіріне шыққан нәзік жандылардың жалпы саны 10 мыңға жуықтайды. Мәселен, бізде 714 ғылым докторы, 2400 ғылым кандидаты тіркелген. Сондай-ақ 992 PhD, 28 бейіндік доктор отандық ғылымды ілгерлетуде іргелі еңбек етіп келеді.