Қарағандыда мыс кенін байытудың жаңа технологиялары талқыланды
Ғылыми-технологиялық сессияда отандық және шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалды.
Көтерілген маңызды тақырыптардың бірі - «Қазақмыс корпорациясына» қарасты мыс кеніштеріне инновациялық технологияларды енгізу. Мысалы кенді байыту үшін сілтілеудің озық әдісін пайдалану күн тәртібінде тұрған мәселе. Ғалымдардың осындай өміршең жобалары іріктеліп, келешекте оларды қаржыландыру және өндіріске енгізудің жолдары қарастырылмақ.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Қазіргі таңда мемлекеттік ғылыми саясаты түбегейлі өзгерді. Енді біз ғалымдарымызды үлкен ғылыми өндірістерге әкелетін болдық. Негізгі мақсат өндірістің нақты проблемаларына айқындап, енді ғылыми қаржыландыру сол проблемаларды шешуге бағытталады.
«Қазақмыс корпорациясы» ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығына ерекше көңіл бөледі. Бұл компанияның тау-кен металлургия саласындағы жаңа даму мүмкіндіктерін айқындауға жол ашады.
Сәкен Шаяхметов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тұрақты даму жөніндегі директоры:
- Негізгі мақсатымыз ол «Қазақмыс» компаниясын әлі де дамыту. Бізде Жезқазғанда да, Балқашта да ресурстарымыз азайып жатыр. Тапшылығы бар. Сол себепті біз университеттермен, иституттармен осы жұмысты жалғастырып жатырмыз. Чилиде, Америкада, Қытайда ғылым жағынан дамып жатыр. Сол себептен осы технологияларды Қазақстанға әкелу үшін біз халықаралық эксперттарды шақырдық. Олар да ұсыныстарын береді.
Ғылыми-технологиялық сессия екі күнге жалғасады. Бұл бастама ғылым мен бизнестің ықпалдастығын арттырады. Жиын қорытындысы бойынша коммерцияландыруға ұсынылатын жобалар іріктеледі. Мысалы былтыр айқындалған ірі жобалардың бірі - «Қазақмыс корпорациясы» мен Сәтбаев университеті бірлесе жүзеге асырған техникалық селенді вакуумдық дистилляциялау өндірісі. Реагент қолданбай алынған металдың сапасы жоғары. Оның әлемдік нарықтағы бағасы 30 пайыздан бірден 97 пайызға артқан. Жақында алғашқы 100 тоннасы жөнелтілген. Міне осындай тың жобаларды жүзеге асыру тау-кен металлургия өндірісіндегі шығынды, экологияға келетін залалды азайтып, экспортқа мол өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Сайлау Игіліков