Алматыда ғылыми конференция өтті
Ғылымдағы аруларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды 24KZ. Айтулы мерекеге орай Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Басқосу барысында саладағы әйелдердің рөлін дәріптеу, жас ғалымдарды ынталандыру жолдары талқыланды. Шара аясында білімгерлер өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, жұмыстарын қорғады. Әр қатысушы зерттеуінің мақсаты мен нәтижелерін жан-жақты түсіндіріп, пікір алмасты.
Айта кетсек, қазіргі таңда елде 22 мың ғалым болса, оның тең жартысы – әйел. 714 ғылым докторы, 2400 ғылым кандидаты тіркелген.
Ақерке Абылайхан, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:
- Жалпы бүгін ғылымдағы әйелдер күнімен студент жастарды құттықтаймын. БҰҰ ұйымдастырып отырған іс-шарасында ҚазҰҚУ ғылымда жүрген зертханада жұмыс жасап жатқан жас ғалымдар көрмесін танысып шықтық. Бүгін еліміз үшін инженерлік-техникалық бағыт үшін, сонымен қатар өндірісті дамыту маңызы ерекше.