Өскемендегі кітапханада цифрлы көмекші іске қосылды
Өскемендегі Пушкин атындағы кітапханада DosAI /Досай/ атты нейроассистент жұмысқа кірісті.
Цифрлық көмекші жасанды интеллектінің жемісі. DosAI бағдарламасы оқырманның да, кітапханашының да жұмысын жеңілдетті. Енді келушілер іздеген кітабын тез тауып алады. Нейро көмекші көрсететін қызмет ауқымды. Кітап қоры туралы немесе атқарылатын іс-шаралар жайлы хабардар етіп отырады. Оқырманның қалауын саралап, қажетін дәл ұсынады.Тіпті сирек кездесетін туындыларды табуға да көмектеседі. Ақылды жүйені ойластыруға IT саласының мамандары 7 ай уақыт жұмсаған.
Мая Сүлейменова, кітапхананың IT-орталығының жетекшісі:
- Біз заман ағымынан қалыспауымыз керек. Ел президенті де жасанды интеллект мүмкіндігін кең пайдалану керектігін айтқан болатын. Ендеше креативті бастамаларға кірісетін уақыт жетті деп ойлаймыз. Кітапхана да дамуы қажет,жаңашылдыққа жақын болғымыз келді. Сондықтан осы нейроасиссент жобасын ойластырдық. Оқырмандар көңілінен шығып жатыр.
Ұлпан Қанатова, қала тұрғыны:
- Осы Досай нейроассисенті арқылы кітапханада түрлі үйірмелер іс шаралар,жаңалықтар барлығын білі отыратын болдым, сонымен қатар оқырман ретінде қатты ұнаған тұсы мен өз қалауымдағы кітапты жазатын болсам, нейроассисент сол жанрға келетін кітапты маған ұсынады.