Жетісулық оқушы туған өлкесі туралы компьютерлік ойын құрастырды
Жетісу облысының Жыланды ауылында тұратын Зариф Фархатұлы есімді оқушы екі бірдей компьютерлік ойын жасады.
Оның алғашқысы, жат ғаламшарлықпен шайқасатын жауынгер Зариф Фархатұлының ойыны балыққа айналған батыр туралы. Ол Алакөл, Балқашты жүзіп өтіп, Ағыны қатты өзенімен таудағы Жасылкөлге дейін жетуі керек. Сол аралықтағы жақұттарды жинап өз бейнесін қалпына келтіруі тиіс. Көріністің шынайы шығуы үшін автор бар мүмкіндікті пайдаланған.
Зариф Фархатұлы, оқушы:
- Осы ойында шынайы топографиялық карта қолданылған. Ол таудың биіктігі көлдің тереңдігі, ағысы бәрі енгізілген. Адам шынайы әлемдегі сияқты қарым-қатынас болып жүреді.
Зариф Жыландыдағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында оқиды. Қазір ол командаластарымен бірге су түбіндегі контейнерлерді шығаратын құрылғының шағын нұсқасын құрастырып жатыр.
Нұралы Кеңесбек, оқушы:
- Робот құрауымыздың мақсаты әртүрлі әдісті ойлап тауып, судың астында қалып қалған контейнерлерді судың бетіне шығарып тазалау, және өзімізді дамыту.
Білім ордасындағы балалар робототехникамен қатар инженерлік саланы да меңгереді. Олар квадратциклді квадроциклді бөлшектеп, енді автокөлік сияқты етіп қайта жасамақ.
Эльмира Жанатқызы, дарынды балаларға арналған жыланды мамандандырылған лицей-интернатының директоры:
- Әртүрлі мекемелермен РФМШ сынды мектептермен меморандумға отырып, серіктестік байланыстамыз. Осы робототехникадан келген маман республикалық физмат мектебінен. Балаларын халықаралық дәрежеге шығарып жүрген мықты маман. Осы маманды арнайы шақыртып, балаларымыз жақсы жетістіктерге жетуде.
Дарынды оқушылар бес жарысқа қатысып соның үшеуінде жүлделі орын иеленген. Енді олар робот құрастырушылардың халықаралық байқауында бақ сынайды. Жеңімпаз атанса, Америка Құрама Штаттарына жолдама алады.
Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосын