Алматыда робототехника мен дрондар чемпионаты өтеді
20-23 ақпан аралығында Алматыда робототехника мен дрондар чемпионаты өтеді. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық сайыс, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқушылар су ресурстары мен суасты әлемін зерттеу тақырыбында ғылыми жобалары мен инновациялық стартаптарын ұсынады. Қатысушылар жас ерекшелігі бойынша 4-тен 18 жасқа дейін төрт топқа бөлінген. Өнертапқыш командалар АҚШ-та өтетін әлемдік кезеңге қатысу үшін бақ сынайды. Сондай-ақ бірқатар шет мемлекетте ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Былтыр еліміздің оқушылары Грекияда өткен осындай әлемдік додада үш дүркін чемпион атанып, рекорд орнатқан.