Coventry University Kazakhstan «Келешек» жүйесімен жұмыс жасауға келісті

Астанадағы Coventry University Kazakhstan шетелдік оқу орны «Келешек» жүйесінің қатысушыларына 20%-ке дейін жеңілдік жасамақ, деп хабарлайды 24KZ. Британ университетінің Астанадағы тұңғыш кампусы осындай ерекше ұсыныс білдірді.

 Бүгін аталған оқу ордасы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің операторы «Қаржы орталығымен» екіжақты келісім жасады. Coventry университеті – «Келешек» жүйесімен жұмыс істеуге келісім берген алғашқы шетелдік оқу орны.

Айта кетейік, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі үшін кез келген ата-ана банктен депозит ашып, баласының болашақ біліміне қаржы жинай алады. Бала 5 жасқа толғанда мемлекет бастапқы білім беру капиталы ретінде 60 АЕК,  ал жетім балаларға 120 АЕК көлемінде қаражат аударады. Сондай-ақ жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы, банк-қатысушының сыйақысы төленеді. Жиналған қаражатты бала 18 жасқа толғанда ел ішінде және шетелде оқу ақысын төлеуге жұмсай алады.

Ермек Мақаш, «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазақстанның дипозиттерінің кепілдік беру қоры бар. Сол қор тағы басқа мемлекетьік мекемелер осы қаражатты сақтандырып кепілдік береді. Не сот арқылы, не басқа қазір алаяқтар көп болып кетті ғой. Бұл ақшалар мемлекет тарапынан кепілдік береді. Ешқайда кетпейді тек қана осы аталған бағыттарда жұмсалады.

Мирас Дәуленов, Coventry University Kazakhstan президенті:

- Coventry University Kazakhstan «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін құру бастамасына алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Университет  әлемдік білім беру стандарттары мен оқу процесіне жаңашыл тәсілдерді енгізе отырып, студенттерге сапалы әрі тиімді британдық білім беруге мүмкіндік жасайды. Біздің оқу ордасы «Келешек» жүйесін қолданған шәкірттерге ерекше жеңілдік ұсынып отыр.