Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар топ жарды

Сингапурда өткен халықаралық «StemCo» пәндік олимпиадасында қазақстандық 8 оқушы топ жарды.

Олар алғашқы екі кезеңнен сүрінбей өтіп, финалда бірінші орынды еншіледі. Жалпы олимпиада жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Онда балалар математика, физика, биология және химия пәндері бойынша бақ сынайды. Биылғысына 40-тан астам елден мыңдаған оқушы қатысқан. Жеңімпаздар арнайы медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Бақдәулет Нұрлан, 1-сынып оқушысы:

- Мен Сингапурға бардым, бірінші орын жеңіп келдім. Қиын емес болды. 

Әйгерім Айтбаева, ата-ана:

- Экзаменде өзі сұрағын оқып, өзі жауап берді. Мұның барлығы мұғалімнің де жұмысы деп ойлаймын. Аз ғана уақытта бала кітап оқып, әріп танып және ешқашан бір жақты болмайды ғой, мұғалім, ата-ана, бала үш жақтан қосылып, осындай жетістікке жеттік деп ойлаймын.