Қазақстан білім сапасын бағалау бойынша аккредиттеуден өтті
Қазақстан білім сапасын бағалау бойынша аккредиттеуден сәтті өтіп, RCEC халықаралық сапа белгісін алды.
Осылайша еліміз аталмыш сапа стандарттарына сәйкестігін растаған Орта Азиядағы алғашқы мемлекет болып танылды. Бұл құжат елдегі білім сапасын бағалау жүйесінің әлемдік талаптарға сәйкестігін қуаттап, оның PISA (Пиза), TIMSS және PIRLS(Пирлс) сияқты белгілі зерттеулермен үйлесімділігін дәлелдейді.
Динара Абылқанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы:
- Қазақстанда мектеп оқушыларының білім сапасын бағалайтын ұлттық зерттеу жүйесі бар. Ол халықаралық аккредитациядан өтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Тиісті шешім Қазақстанның Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бойынша бірлескен бастамаларға көшбасшылық етуіне мүмкіндік береді.