Қазақстан Әзербайжанмен ғылыми байланысын нығайтып жатыр

Қазақстан Әзербайжанмен ғылыми байланысын нығайтып жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзербайжан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы арасында ғылыми басылымдардың бірлескен тізімін бекіту туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес, екі елдің ғалымдары біріккен ғылыми журналдарда, сондай-ақ екі республиканың басылымдарында мақалаларын жариялаудың бірегей мүмкіндігіне ие болады. Бұл ғылыми жарияланымдар мен білім алмасудың көкжиегін кеңейтеді. Бұған қоса, Қазақстан мен Әзербайжанның жетекші университеттері арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар екі жақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Үлкен келісім-шартқа қол қойылады. Ол жоғары аттестациялық комиссия мен біздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің арасында. Негізгі мақсат - енді ғылыми басылымдардың біріккен тізімін бекіту. Болашақта жоспарымызда енді ғылыми сараптаманы да бірігіп жасауға жоспарымызда бар. Оның үстіне қазіргі таңда Баку қаласына 22 біздің жетекші ЖОО келді. Ертең үлкен конференция аясында 17 екі жақты келісім-шартқа қол қойылады.