СҚО-ға «Серпін» бағдарламасымен 200 оқу гранты бөлінді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына «Серпін» бағдарламасы бойынша 200-ге жуық оқу гранты бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Оңтүстіктегі түлектерді оқуға шақыру үшін Петропавлдан үгіт-насихат автобусы сапарға шықты. Мамандар Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы 30-ға жуық елді мекенді аралап қайтады. Оқушылармен кездесіп, мемлекеттік жобаның шарттарын түсіндіреді.

Жалпы осы күнге дейн өңірде «Серпін» бағдарламасы аясында екі мыңға жуық студент білім алған.  

Әділхан Төлепберген, университеттің басқарма мүшесі:

- Талапкерлерге, жалпы студенттерге «Серпін» бойынша түсетін психологиялық көмек. Жалпы жұмыс орнын 2-3 курстан бастап орналастыру деген секілді ұсыныстар бар. Сол бойынша біз жұмыс жасап жатырмыз.