ШҚО студенттері қаржылық қауіпсіздік туралы білім жөнінен жарысты
Шығыс Қазақстан облысының студенттері қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы зияткерлік ((quiz)) квиз ойынында сынға түсті.
Шараны экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен жоғары оқу орындарының бірі ұйымдастырды. Қаржылық сауаттылықты арттыруға негізделген квиз жастардың ой-өрісін кеңейтіп, командамен жұмыс істеуге үйретеді, - дейді ұйымдастырушылар. Студенттер сұрақтарға жауап берумен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған төз-беушілік қағидаттарын қалыптастыру турасында пікірлерін білдірді. Ойынға барлығы 8 команда қатысты. Жеңімпаздар алдағы күзде, Ресейдің Красноярск қаласында өтетін Олимпиадаға жолдама алады.
Арман Жүнісов, ШҚО бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің басшысы:
- Ол Олимпиада биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Соған сәйкес студенттердің арасында Аманжолов университеті конкурс жариялады. Жақсы суретке 150-дей оқушылар қатысып, оның ішінде финалға табысталып ең жақсы суретті марапаттаймыз. Осындай сабақтар, дәрістер біздің студенттердің сауаттылығын көбейтеді дегенге сенімдіміз.