Атырауда Малайзия университеттерінің көрмесі өтті
Атырауда Малайзияның үздік 8 университеті көрмесі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Мектеп түлектері мен ата-аналар Малайзияның жетекші оқу орындарының академиялық артықшылықтары және инновациялық бағдарламаларымен танысты.
Көрмеге қатысқан 200-ге жуық түлек оқуға түсу шарттары, стипендиялар мен гранттар, сондай-ақ білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алды. Бұған дейін де Малайзияда білім алған қазақстандық студенттердің саны екі мыңға жуықтайды. Бұған қоса елімізде жалпы құны 410 млн АҚШ долларынан асатын 17 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. «Екі ел арасындағы ынтымақтақтастықты дамытуда, мұндай іс-шаралардың маңызы зор», – дейді ұйымдастырушылар.
Раджа Фариз, EMGS ұйымының аймақтық менеджері:
- Бүгінгі көрмеде біздегі білім беру жүйесінің сапасын көрсеткіміз келеді. Ата-аналар мен түлектерге Малайзияда оқудың артықшылықтары туралы ақпарат бердік.
Марат Әбуов, облыстық Білім басқармасының басшысы:
- Біздің негізгі мақсатымыз – бұл түлектеріміздің таңдау жасауы, яғни тек қана Қазақстан өңірінде емес, сонымен қатар шетелдік, әлемдік деңгейдегі жоғары үздік университет қатарына кіретін университеттерге де студент болып түсіп, оқуға және болашақта елімізге келіп, сапалы түрде қызмет етуге мүмкіндік жасау.