Шымкенттік ғалымдар «Фукусимадағы» радиациялық апаттың зардабын жоюға атсалысты
Шымкенттік ғалымдар «Фукусима» станциясындағы радиациялық апаттың зардабын жоюға атсалысты, деп хабарлайды 24kz.
«Су ресурстарын тазарту және зарарсыздандыруға» бағытталған халықаралық ғылыми инновациялық жобаны Жапония қаржыландырды. Жаһандық мәселені шешуге қолданылған бактерицидтік цеолит сүзгілерінің тиімділігі мен өзге де технологиялық жетістіктер туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щегловаға таныстырылды. Былтыр Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғалымдарының ғылыми жобаларын жүзеге асыруға 1 миллиард 435 миллион теңге инвестиция тартылған. Жиында ғылымды қолдау мен қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламалар насихатталды.
Ұланбатыр Сүлейменов, М.Әуезов атындағы оқу ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры:
- Білім, ғылым, зерттеулер және инновациялар. Осы үшеуін біріктірген экожүйе құрамыз деген өзімізге тапсырма қойдық. Біз қазір соны орындаудамыз. Ғылымды қаржыландырудың басқа механизмдерін де қолданып отырмыз. Оның ішінде халықаралық конкурстарға қатысып отырмыз.
Ринат Елшібеков, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің басқарма басшысы:
- Негізі әрбірінің инновациясы болады. Өзгешелігі болады. 2025-2027 жылдарға 543 млрд теңге қаржы бөлінген болатын. Оның ішінде бағдарламалық-нысаналық, гранттық қаржыландыру, коммерциялық қаржыландыру және базалық қаржыландыру болып табылады.