Астанада B-Fest таланттар фестивалі өтті

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында B-FEST таланттар фестивалі өтті.

Көрермен қауым BINOM оқушыларының орындауындағы әлемге әйгілі мюзиклдерді тамашалады. Фестиваль B-Dream Project, B-Art, B-Sport, B-Social, B-Bookman атты бес түрлі аталым бойынша ұйымдастырылған. Оған Астана және Атырау қалаларындағы BINOM SCHOOL желісінің барлық мектебінен 23 мыңнан астам оқушы қатысты. Іс-шара мақсаты – оқушылардың дарынын анықтап, қабілеттерін дамыту. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.