Астанада педагогтарға арналған республикалық семинар өтті

Астанада педагогтардың біліктілігін шыңдауға бағытталған республикалық семинар өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған елдің әр өңірінен келген 50-ден астам ұстаз қатысты. Семинар екі кезеңнен тұрады. Бастапқыда қатысушылар онлайн байланыс арқылы өзара тәжірибе алмасса, кейінгі кезеңде жүзбе жүз кездесіп, білім беру саласындағы өзгерістер жайын сөз етті. Іс-шараның мақсаты педагогтар арасында байланыс орнатып, озық идеялармен танысу. «Сол арқылы білім беру ісіндегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын табу», - дейді ұйымдастырушылар.

Саят Нәбиев, «Bilim Orkenieti» Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығының директоры

- Өздеріңіз білесіздер, былтырғы жылы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен республикамызда 17 өңірде психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі заман ағымы тез өзгеруде.бір ғана жасанды интеллектінің шығуы, тек ғана білім саласында емес, барлық салада үлкен өзгерістер алып келіп жатыр. Оқушылардың назарын әлеуметтік желіден бөліп, олардың ойлау қабілетін жасанды интеллектіден шектемеудің жолдары қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі.

Айман Төлебаева, психолог:

- Осы семинарға қатысып, тәжірибе бөлісу мақсатымен келіп отырмыз. Өзімізге көп ақпарат аламыз, бүкіл жаңалықтарды естиміз. Алдында өткен зумда да қаншама методикаларды алдық. Өте қуаныштымыз.