«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 112 мектеп пайдалануға беріледі

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын білім ордалары биыл толығымен пайдалануға беріледі, деп хабарлайды 24kz.

Қазіргі таңда 105 оқу ошағы іске қосылды. Қалған 112 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңа мектептердің көлемі типтік жобаларға қарағанда 15-20%-ке үлкен, ал техникалық жарақтануы 4 есе артық. Оған қоса, оқушылар қолайлы, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылда салынуда. Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл баласы замануи білім беру ордасымен қамтылды. Оқу-ағарту министрлігі жемісті жобаның ауқымына қарап, жаңа оқу ошақтарын «Келешек мектептері» деп атауды ұсынып отыр.

Айта кетейік, елімізде соңғы алты жылда 1 млн-нан аса оқушыға арналған мыңнан аса мектеп салынды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- «Жайлы мектеп» жобасы қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған стратегиялық бастама. Бұл – жай ғана мектеп ғимараттары емес, ұлт болашағы өсіп шығатын киелі білім ордалары. Сондықтан ұлттық жоба аясында қалыптасатын білім ұйымдары «Келешек мектептері» аталатын болады. Бұл ұсынысымыз ұрпағының келешегіне бей-жай қарамайтын азаматтар тарапынан қолдау табады деп сенеміз.