Қазақстаннан сегіз оқушы STEM халықаралық олимпиадасының гранд-финалына жолдама алды

Елден сегіз оқушы STEM халықаралық олимпиадасының гранд-финалына жолдама алды, деп хабарлайды 24kz.

Аталған білім сайысына озаттар алғаш қатысқалы отыр. Жарыс Барселона қаласында шілдеде өтеді. Қазір қызу дайындық. STEM – ғылым, технология, инженерия мен математика дегенді білдіреді. Яғни, алған білімді қабілетпен ұштастырып, түрлі жобалар тудырып, нәтижесін осы шақта көруге мүмкіндік жасайды. Жалпы Испанияға бару үшін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Ресейден 260-тан аса жеткіншек бақ сынады. Елде STEM негізінде пәндік инфрақұрылым жасап, мамандандырылған кабинеттер ашу соңғы 2 жылда белең алған. Осылайша, алдағы уақытта 3200-ге жуық арнайы кабинет ашу жоспарланған.

Мағжан Қыстаубаев, республикалық STEM олимпиадасының ұйымдастырушысы:

- Бұл Олимпиаданың бір кереметтілігі бір нәрсені, меніңше, іздеп жатырмыз. Олар да баланың білімімен бірге ол білімді қалай қолдануға болатынын іздестіреді. Сондықтан бұл жақта математика да, програмирование де және робототехника. Осы үш бағытта үлкен жарыс күтіп отырмыз.