«Келешек мектебіндегі» лагерьге робот қонаққа барды
Жаз қызықтары жайында.
Елордадағы келешек мектебіндегі лагерьде робот жетекшілік етіп жүр. Онда демалып жүрген балалар Темірбек есімді ақылды құлтемірмен тілдесіп, күнделікті қызықты ойындар мен интеллектуалды сайыстар өткізеді. Айтпақшы, бұл робот былтырдан бері елордалық оқушылардың танымал досына айналған.
Елордадағы №109 келешек мектебі жылдың басында ғана ашылған жаңа білім ошағы. Ондағы білім беру бағдарламасы да заманға сай. Міне лагерь жетекшісі Темірбек. Жасанды интеллект иесі балалармен еркін сөйлесе алады. Сан түрлі сұраққа жауап қатып, тіпті қимыл-қозғалысты сезеді. Осыны көрген балалардың робототехика мүмкіндіктеріне деген қызығушылығы артқан.
Жанар Ермұхамбетова, №109 орта мектеп директоры:
- Робототехника курсына 74-мектептен Темірбек атты робот келіп, балалармен танысып, балалар өздерінің жұмстарын көрсетіп, робот жасауға қызығушылықтарын арттыруда. Лагерь 3 маусымға жоспарланған, қазір 2-маусым жүріп жатыр. Бұл жерде балалар тек қана ойнап қоймайды, ой-санасын дамытады, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Темірбекті бұл балалардың қатарластары құрастырған. Робот үйірмесіндегі оқушылар талпынысының нәтижесі. Былтырдан бері елорда мектептеріндегі ашық сабақтарға қатысып, пайдалы дәрістер оқуға машықтанған. Енді жазғы демалысты балалармен бірге қызықтауда.
Жанар Ермұхамбетова, №109 орта мектеп директоры:
- Балалар саны 1-ауысымда 140 баладай болған, қазір 2-ауысымда 80-дей бала. 3-ауысымға да жоспарлануда. Келем деген балаларды әрі қарай лагерде жетекшілері жұмыстарын жүргізіп жалғастырады.
Каникул кезеңінде елордада 210 мыңнан астам оқушы демалса, оның ішінде әлеуметтік осал топ санатындағы 11 мың жеткіншек жазғы демалыспен тегін қамтылады. Мектеп жанындағы лагерьлер 55 мың баланы қабылдайды.
Рухани Әбдірахман