Биыл 341 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданады. LIVE
Биыл 341 мың бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады, деп хабарлайды 24kz.
Ал 232 мың оқушы 11-сыныпқа аяқ басады. Жаңа оқу жылының ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілмек. Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндады. Сондай-ақ ол жаңа оқу жылынан бастап 3 мыңнан астам ұстаз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» моделі бойынша жаңаша жұмыс істей бастайды. Алдағы оқу жылына дайындық қалай?