Қазақстан мектептеріне жасанды интеллект технологиялары енгізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіледі, деп хабарлайды 24kz.

Бастама Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде қолға алынып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздерін енгізу жөніндегі пилоттық жоба басталған. Ол Massachusetts Institute of Technology компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ. 2025-2026 оқу жылында AI интеграциясы ең алдымен «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінде басталады. Бұл бағытта жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілді.