Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы мұғалімдер құқығының бұзылуына прокуратура органдарымен тосқауыл қойылуы керектігін айтты. Сондай-ақ: «Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес», - деді Президент. Бұдан бөлек, ол балаларға жастайынан жасанды интеллект технологиясын оқытқан жөн екенін айтып, Үкімет пен әкімдерге білім беру мекемелерін тиісті интерактивті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді тапсырды. Ал мұғалімдерді өз пәнін жетік білумен қатар жаңа технологияларды қолдануға шақырды.