Елімізде мұғалімдердің жаңа толқыны даярланады
Елімізде мұғалімдердің жаңа толқынын даярлауға айырықша көңіл бөлінеді. Тамыз конференциясының пленарлық отырысында Президент осылай деді.
Мәселен биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы бес жылда екі есе көбейді. Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңге болады. Бұл жастардың ұстаздыққа ынтасын арттырары сөзсіз. Биылдың өзінде 2 мыңнан астам үздік түлек ұстаз мамандығын таңдап отыр. Жалпы соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы екі есе өскен.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту әрдайым басты назарда. Соңғы төрт жылдың ішінде олардың жалақысы 2 есе өсті. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам ұстазға үстеме ақы төленеді. «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» жобасы қолға алынды. Осы жобаға қатысқан 332 маман мектеп директоры болып тағайындалды. Мұғалімдер өз міндетіне кірмейтін артық жұмыстан босатылды. Ұстаздың назары бала оқыту ісінде болуға тиіс.