Президент білім беру үрдісіне жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үрдісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды, деп хабарлайды 24kz.
Президент өз сөзінде бүгінде «озық ойлы ұлт» пен «технологиялық ұлт» ұғымдары егіз екенін алға тартып, жаһандық үрдістерге бейімделу қажеттігін жеткізді.
«Ол үшін білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның қарқынын үдету аса маңызды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні игеру білім саласындағы теңсіздікті еңсеріп, оқу сапасын айтарлықтай арттыруға үлес қосады. Қазіргі таңда еліміздегі мектептердің 95%-тен астамы жылдам интернетпен қамтылған. Аталған көрсеткішті 100%-ке жеткізу керек», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жерсерік жүйелерінің мүмкіндіктерін осы мақсатқа пайдалануға болады. Мұны жай ғана инфрақұрылымға теңдей қол жеткізу мәселесі емес, әлеуметтік әділдіктің маңызды идеологиялық қағидаты ретінде қарастырған жөн.