Қазақстандық студенттер киберқауіпсіздік саласында үздік атанды

Қазақстандық білімгерлер ТМД-да киберқауіпсіздік саласы бойынша үздік танылды, деп хабарлайды 24kz.

Татарстанда өткен халықаралық турнирде Астана жоғары политехникалық колледж студенттері топ жарған. Ақтық сынға іріктеп алынған 20 команданың ішінен елордалық өрендер бірінші орынды қанжығаларына байлады. Олардың цифрлық cаладағы қауіпсіздік жобасы қазылар тарапынан жоғары бағаланды. Өз кезегінде Оқу-ағарту министрлігі жас дарындарды жеңістерімен құттықтады.