Қ. Тоқаев Бейжіңде өткен ЖИ олимпиадасының жеңімпаздарымен жүздесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде жасанды интеллект бойынша өткен халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен де әңгімелесті, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстандық оқушылар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған. Биыл әлемдік дода 60-тан аса елдің 280-нен астам жас зерттеушісі мен бағдарлама әзірлеушілерінің басын қосқан еді. Бейресми командалық есепте Қазақстан Қытай мен АҚШ-тан озып,4-орын иеленді.