Талдықорғанда үздік медициналық колледж студенті анықталды
«Medskills Zhetysu – 2025» байқауына республикамыздың әр аймағынан келген студенттер қатысты.
Олар мейлінше шынайы клиникалық жағдайда хирургиялық, терапиялық, педиатрлық күтім көрсету бойынша біліктілігін көрсетті. Болашақ мамандардың шеберлігін 45 адамнан құралған сарапшылар тобы бағалады. Нәтижесінде бірінші орынды атыраулық студент жеңіп алды. «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясындағы кәсіби конкурс биыл алғаш рет өтті.
Нұрайдар Өтебаев, байқауға қатысушы:
- Бұл сайыс ертең болашақ дәрігер болуыма көп септігін тигізеді. Яғни бұл сайысқа қатысып қана қоймай, көптеген білім алдым. Өзімнің біліктілігімді арттырдым.
Серік Жансенгіров, колледж директоры:
- Республикалық конкурсқа Талдықорған жоғары медициналық колледжінің ұжымы ұйытқы болды. Бұл байқау бірінші кезекте студенттердің белсенділігін арттырып, білім алуға, мықты маман болып қалыптасуға деген ынта-жігерін арттырады, деп ойлаймын.