Қызылорда облысында «Келешек мектептері» аясында салынған оныншы мектеп ашылды

Қызылорда облысында «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында салынған оныншы мектеп пайдалануға берілді.

Мың жарым оқушыға арналған білім ордасы облыс орталығында орналасқан. Оның құрылысына бюджеттен 8 млрд 740 млн жұмсалды. Айта кетерлігі, облыста үш ауысымды оқу мәселесі толығымен шешілген. «Келешек мектептері» бағдарламасына аймақ бойынша 12,5 мың орынға шақталған 21 білім мекемесі кірген.

Асхат Қанатов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы он мектептің алтауы бізде жаңа желі болса, қалған төртеуі арқылы біз бір апатты мектептің және үш бейімделген ғимараты бар мектептің мәселесін толығымен шештік. Бүгінгі күні барлық мектептер жобалық қуатына сәйкес оқушылармен толық қамтамасыз етіліп, жұмыстарын жасап жатыр.