15 қаңтарда Астанада бірінші ауысымның оқушылары сабақты онлайн оқиды
Ертең елорда мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Колледждердің 1-2 курс студенттері де онлайн-форматқа ауысады. Бұл жайында білім басқармасы хабарлады. Елдің басым бөлігіне үс-кірік аяз келді. Ертең солтүстік, шығыс Қазақстан облыстарында, ауа температурасы түнде 40 градусқа дейін төмендейді.