Павлодарда «Келешек мектебі» ашылды

Павлодарда 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұл – «Келешек мектептері» ұлттық жобасымен облыста салынған екінші білім ордасы. 

Заман талабына сай жабдықталған ғимаратта оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Заманауи оқу кабинеттері, зертханалар, спорт залы және кітапхана бар. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуіне арналған, арнайы орындар жабдықталды. Жаңа мектепте қазір 800-дей бала оқып жатыр. 

Ләйлә Жүсіпова, №47 мектептің директоры:

- Ал 5 пен 11 сынып оқушылары үшін өте үлкен мүмкіндік. Бір ғана ауысымда білім алады. Бұл қосымша білім беруге үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Түстен кейінгі спорттық іс-шаралар болсын, пәндерге арналған әртүрлі факультатив, курс үйірмелері болсын, пәндік күшейту есебінде болсын оған өте қолайлы жағдай бар 

Маржангүл Махмұтова, қала тұрғыны:

- Мектепті ұзақ күттік енді, бүгін ашылып жатыр. Балаларым енді осы мектепте оқиды. Екі балам осы мектепте оқиды.Үйіміз осы мектептің жанында орналасқан. Өте тамаша, қуаныштымыз .