Бес жылда 1242 жаңа мектеп бой көтерді
Елімізде соңғы бес жылда 1,1 млн оқушыға арналған 1 242 жаңа мектеп бой көтерді.
Нәтижесінде үш ауысымды оқу ордаларының саны 4 есе, ал апатты білім мекемелерінің қатары 2,5 есеге азайған. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, орын тапшылығы 4 есе кеміді. Мәселен, былтыр 162 білім мекемесі қолданысқа берілген. Оның 112-сі "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында іске қосылды. Ал осы бағдарлама бойынша елде бас-аяғы 460 мың орынға арналған 217 мектеп салынды. Бұл мектептердің көлемі бұрынғы білім мекемелеріне қарағанда 20 пайызға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары болмақ. Бұдан бөлек ескі мектептерді жаңғырту жұмысы да жүйелі жүріп жатыр. Айтайық, үш жыл ішінде 1300 мектеп жөндеуден өтті.
1242 мектеп - 1,1 млн орын
Үш ауысымды мектеп - 4 есе
Апатты мектеп - 2,5 есе
Орын тапшылығы - 4 есе
217 мектеп - 460 мың орын
Көлемі - 15-20%
Техникалық жабдықталу деңгейі - 4 есе
3 жыл - 1 300 мектеп
2025 жылы - 209 мектеп