Ғылым мен білімді дамыту жоспары жаңарды

Президент жаңа Конституция ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата Заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгенін атап өтті.

Бұл кейінгі буынға болашақта осы салаларда терең білім алып, дамуға бағыт бағдар береді. Мемлекет білім мен ғылымға ерекше назар бөлуде. Ал ғылым және жоғары білім министрлігі жаңартылған даму жоспарын бекітті. Құжатта отандық университеттерді әлемдік деңгейге шығарып, шетелдік студенттерді тарту және білім беру ортасын цифрландыру мәселелері қамтылған. Сондай-ақ 2027 жылға дейін тоғыз қазақстандық университет QS World University Rankings әлемдік рейтингіне еніп, үздік 700 білім ордасының тізіміне қосылуы тиіс. Реформаларды іске асыруға қомақты қаржы бөлінеді. 2027 жылы жоғары білімді әлемдік стандартқа жеткізуге 697 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Ғылымды қаржыландыру да артады. Жоспардың орындалуы министрлік бақылауында болады. Бұл бастама ғылым мен білім саласына үлкен серпін беруі мүмкін.