Алматыда университетте инновациялық орталық ашылды

Алматыда ұшқышсыз авиациалық технологияларды зерттеу орталығы іске қосылды. 

Білім алушылар мұнда дрондарды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік алады. Инновациалық мекеме – жасанды интеллект, цифрлық технологиялар жəне дрон индустриясы саласындағы озық шешімдерді əзірлейтін халықаралық ғылыми-технологиялық алаңға айналады. Индустриялық-зерттеу орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында ашылды. Ресми іс-шараға Қытай, Бельгия, Германия және Швейцариядан келген сарапшылар қатысты. Инновациялық мекеме индустриялық шешімдер бойынша жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. 

Марғұлан Ибраимов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациалық қызмет жөніндегі проректоры:

- Ең маңыздысы – болашақта қазір мынау дронды жасайтын орталықтар жеткілікті, бірақ осыны өндіріп, түбегейлі әрбір деталімен осы жерде өндіру арқылы және сонымен қатар осы дрондарға қатысты жүйені жасау. Енді білесіздер, Қазақстан Республикасының территориясы өте үлкен, сондықтан дрондық жүйе, дронға қарсы мәселелердің барлығы осы жерлерде зерттеледі.