«Кітап керуені» Таразға жетті

Алматы облысынан жолға шыққан «Кітап керуені» Таразға жетті.

Жоба Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен «Ұлттық кітап күніне» орай ұйымдастырылған. Игі бастама аясында өңірдегі 340 ауыл мектебіне 17 мың кітап жеткізіліп, әр білім ошағына 50 данадан үлестірілді. Кітаптардың жартысын қоғамдық қор арнайы сатып алса, қалған бөлігі Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен және авторлардың сыйға тартуы арқылы жиналған. Айта кетейік, бұл бастама өткен жылы қолға алынған. Ол кезде Абай облысына 14 мың кітап жеткізілген болатын.

Дулат Тастекей, қоғамдық қордың жетекшісі:

- «Артық білім кітапта» жобасының негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты, жастарды оқитын ұлтқа айналдыру. Оқитын ұлт ойлайтын болады. Ойлайтын ұлт - дамитын ұлт. Яғни біз өз қолымыздан келгенше ұлтымыздың еліміздің дамуын қалыптастырамыз деген сенімдеміз. Бұл жобаның жалғасын тауып жүйелі түрде келе жатқаны бізді қуантады. Келесі жылы да басқа облыстарды қамтып отырамыз. Яғни сол арқылы  әрбір облыста жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырамыз.