3 алтын, 2 күміс: Қазақстанның жас математиктері әлемді мойындатты
23–29 сәуір аралығында Литва астанасы Вильнюс қаласында алғаш рет өткен European Mathematical Olympiad жарысында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды «24KZ».
Байқауға 19 елден 21 команда, жалпы 126 оқушы қатысты. Қатысушылар қатарында Еуропаның бірқатар мемлекеттері болды.
Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 1-орынды иеленіп, қоржынға 3 алтын және 2 күміс медаль салды.
Олимпиаданың абсолют жеңімпазы – Астана қаласындағы Spectrum International School 12-сынып оқушысы Марғұлан Шарел атанды.
Жүлдегерлер тізімі:
Эльдар Усенов – алтын (Алматы қаласындағы Nazarbayev Intellectual School)
Эрик Лим – алтын (Haileybury Almaty)
Ерасыл Алтынбек – күміс (Nurorda School)
Ануар Ағыбаев – күміс (Nurorda School)
Құрама жетекшілері: Ярослав Гальберг және Асхат Абдыкулов.
Бұл жеңіс Қазақстан оқушыларының халықаралық деңгейдегі математикалық дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті.