Оқушы дронды физикалық тосқауылдан қорғайтын басқару жүйесін ойлап тапты

Петропавлдық оқушы дронды физикалық тосқауылдан қорғайтын басқару жүйесін ойлап тапты.

Әлібек Сейтқазин ұшу апаратына жасанды интеллект енгізіп, лазермен байланыс орнатқан. Бұл әуе кеңістігіндегі радиоэлектронды оқшаулау күштерін жойып, қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

11-сынып оқушысы Әлібек Сейітқазин дронды радиоэлектронды оқшаулау кезінде де ұшырудың жолын ойлап тапқан. Оның құрылғысы жасанды интеллект арқылы басқарылады. Жазылған бейнені де лазермен жеткізеді.

Әлібек Сейітқазин, жоба авторы:

- Біз бірінші дронды 100-150 метрге әуеге шығарамыз. Және осы дроннан бізге екінші дроннан лазер атқарылады. Және осы лазер арқылы біз екінші дронды әртүрлі радиобайланыс подавлениядан қорғай аламыз.

Дрон 7 шақырымға дейін лазермен басқарылады. Физикалық жоба Астанада өткен халықаралық байқауда үшінші орын иеленді. Ал осы мектептің 9-сынып оқушысы үй тапсырмаларын жасанды зерде арқылы тексеретін сайт жасап шығарған. Бағдарлама орындалған тапсырмаларды 5-10 секундтың ішінде бағалайды. 

Дмитрий Глухих, жоба авторы:

- Бұл жүйеде мәтінді көшіріп салуға немесе ұялы телефонмен скриншот жасауға шектеу қойылған. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – егер оқушы қосымшадан 10-15 секундқа шығып кетсе, берілген тапсырма жойылады. 

Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде 10-нан аса жасанды интеллект жобасы іске қосылды. Оқу ордасында цифрландырылған жүйелер әр сыныпта қолданылады.

Қуат Ғаббасов, Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі директорының орынбасары:

- ЖИ балалар қазіргі күнде өздері күн сайын қолданады. Сондықтан балаллардың қызығушылығын арттыру үшін мұғалімдер ЖИ сабақтарда қолданып балаларға түрлі тапсырмаларды дайындайды. Балалардың білім сапасын арттыру үшін сабақта деңгейлі тапсырмаларды қолданады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөнінде жарлыққа қол қойды. Бұл мектептердегі оқу бағдарламасына тың серпін беріп, цифрландырылған әдістерді кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков