Шетелдік университеттерде Алтын Орданың тарихы оқытылады

Енді шетелдік жоғары оқу орындарында Жошы ұлысының негізінде құрылған Алтын Орданың тарихы оқытылады. 

«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясындағы тақырыптық секцияда шетелдік тарихшылар осылай деді. Олар өз оқыту бағдарламасына Еуразия аумағын қамтыған ұлан-ғайыр империяның тарихын енгізуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, шараға қатысушы мамандар өз баяндамаларын оқып, дала өркениетінің мұрасын жаһанға таныту және оны заманауи тәсілдермен қайта пайымдау мәселелерін ортаға салды.

Иминг Ха, Hkbu Гонконг университеті тарих кафедрасының профессоры:

- Астанада өткен симпозиумға қатыстық. Бүгін соның аясындағы тақырыптық секциялар болып жатыр. Мұнда біз біршама құнды мәліметті ойға түйдік. Алдағы уақытта Алтын Орда тарихын ғылыми-зерттеулерімде қолданып, студенттердің оқу бағдарламасына қосу жоспарда бар. 

Бүркітбай Аяған, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары:

- Осында айтылған идеялар оқулықтарға, кинофильмдерге, түрлі қоймаларға, музыкалық заттарға кіре бастайды. Сосын бұл кәдімгі идеологиялық трендтер дейміз ғой, идеологиялық жұмыстар да керек.