"ERASMUS+" жобасы аясында бес мың студент шетелде білім алды

"Erasmus+" бағдарламасы отандық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруде.

Кейінгі он жылда халықаралық жоба аясында Қазақстанның 5 мыңға жуық студенті Еуропада біліктілігін арттырған. Ал Еуропадан 2 мыңнан астам студент пен маман елге келіп, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар 60 отандық жоғарғы оқу орнында 78 ауқымды жоба жүзеге асты. Осы жетістіктерді еселеп, бағдарлама аясын кеңейту үшін бүгін Астанада 5 мемлекеттен келген 500-ге жуық делегат бас қосты. Сәкен Сейфуллин атындағы университетте жиналған мамандар шетелде білім алуға жол ашатын бәсекеге қабілетті жобаларды талқылап жатыр. 

Бану Нарбекова, Абай атындағы ҚАЗҰПУ проректоры:

- Ең алдымен біздің республикадағы ЖОО барлығы Erasmus+ жобаларына белсенді түрде қатысады. Соның нәтижесінде бүгінгі күні жалпы біздің жоғарғы білімнің дамуына, жоғарлауына көпетеген жобалар өзінің ықпалын тигізді. Бүгін де тағы да әрі қарай сапасын көтеріп, қатысушылардың санын көбейту.