Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы тәмамдады

Фото: depositphotos.com

Биыл еліміз бойынша оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы тәмамдады, деп хабарлайды «24KZ».

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл - соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Оқушылар саны ең көп өңірлер қатарында Түркістан және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы көш бастап тұр.