Қазақстандық сарбаздар FPV-дрон басқаруды үйренеді
Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі сарбаздары мен офицерлері кәсіби FPV-дрондар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын өздері басқарады.
Оларға арнайы бөлімше жауынгерлері тактикалық шеберлік сабағын өткізіп, үйретіп жатыр. Осының арқасында әскерилер дронды басқару ғана емес, оны жөндеуді де үйренді.
2 сағат дәріс пен IT-зертханалардағы тәжірибелік 4 сағат — бұл Ұлттық ұлан бөлімшелеріндегі сабақтың қазіргі кестесі. Жаңа сабақтарда әскери қызметшілер ұшқышсыз ұшу аппараттарының ең нәзік микросхемаларын қалпына келтіруде. Бұрынғы автоматты бөлшектеп жинау нормативтеріне енді дрондарды жабдықтау жаттығуы да қосылатын түрі бар. Шеберлік сабағын арнайы бөлімшелердің нұсқаушылары көрсетеді.
Арнайы жасақ нұсқаушысы:
- Заманауи әскери дайындықта жаңа технологияларды меңгеру - маңызды міндеттердің бірі. Қазір сарбаздар ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және оларға қарсы іс-қимыл бағыттары бойынша сабақтарға қатысуда. Мұндай сабақтарда жас сарбаздарға кез келген жағдайда жинақы және сауатты іс-қимыл етуге даярлайды.
Алғашқы дербес ұшулар басталғанға дейін FPV-дрон операторларының курсанттары ұшу дағдыларын тренажерлерде шыңдайды. Ұшқышсыз аппараттар кедергілер жолағынан жоғары жылдамдықпен өтуі тиіс. Меңгерген дағдылар көпшілігіне әскерден босағаннан кейін де қажет болады.
Кирилл Ахременко, №5518 әскери бөлімінің қызметшісі:
- Маған тактикалық іс-қимылдарды, дронды ұшыруды, түрлі сынақтардан өтуді үйретті. Осы үйренгенім мерзімді әскери қызметті өтегеннен кейін де қажет болады деп ойлаймын. Өйткені ол болашақтың мамандығы.
Жақында әскери қызметші Кирилл Ахременко Өскемен қаласын патрульдеу кезінде есірткі таратушыны ұстады. Тыйым салынған заттарды тарату дерегінің жолын кесті. Қатардағы жауынгер жақын болашақта Қазақстан қалаларының көшелеріндегі тәртіпті жасанды зерде арқылы жұмыс істейтін ұшқышсыз аппараттармен қадағалайтын болады.
Авторы Е. Жылқайдарұлы